«Торғай» мағынасы
«Торғай» жер аты,
құс аты, адамдар аты. Адамдар аты туған жер атынан
шықса, жер аты мен құс аттарының мағыналары
туралы ғылыми жазбаларда деректер жоқтың қасы.
1974 ж. Алма-Атадағы
«Наука» баспасы шығарған Е.Койчубаевтың «Краткий толковый
словарь топонимов Казахстана» кітабында «Торғай»ды жалпытүріктік «тор,
дор, дара» (ойпат, құз) деген түбірлерден таратқан.
Одан бұрын 1967 ж. шыққан С.
Нұрқановтың «Этимологиялық этюд»-ында «торық ой»
деген болжам келтірілген. Орыс тілді ағайындар «Торғай»-ды «жаворонок» дей салған.
«Торғай» -менің атым, туған
-өскен жерім, қазақ
тарихында орыны ерешек өңір. Осылар әсерінен «Торғай» -дың
мағынасын шешу, есімді біліп, аздап ақыл толған шақтан
бері түракты мақсаттың біріне айналды.
«Торғай» жер аты сөзінің
этимологиялық мағынасын, қазақта кең
тараған өңірге ат қою тәсіліне (Сары -Арқа,
Ала-Тау, Көкшетау, Сары-Құм, тб, алдында түс)
сәйкестендіріп, бір кезде «торы ой» деп жорамалдаған болатынмын. Осы
туралы кішігірім мақала «Торғай таңы» газетінде 1993 ж.
басылды.
Дегенмен, бүл
«Торғай» мағынасы да күмәннан айықтыра алмады.
2010-11 жж. интернет арқылы
«Google» программасымен қазіргі Қытайдан бастап, Карпатқа
дейінгі евразия даласын зерттедім. Осының
нәтижесінде Торғай өңірі көне
заманнан бері мал бағып, суармалы егін еккен, мырыш, темір қортқан, тұруға
қолайлы жер болғаны туралы көп деректер жиналды.
«Торғай»-ды енді
«тұрғы ой» деуге толық
мүмкіндік туды. «Торғай» атты жерлердің
Қазақстанда және басқа түркі тілдес мемлекттерде
кең тарауы, және бұл өңірлердің
тұруға қолайлығы осы ойға қосымша тірек
бола алады.
Торғай археологиялық
зерттеуден тыс қалып келеді. Ал осында табылған Қазакстанда,
тіпті дүние жүзінде теңдесі жоқ кейбір
археологиялық кешендер, руно типтес белгілер, Торғайдың адамзат
тарихындағы ерекше орыны барлығына дәлел бола алады.
Жыл басында Қазақстан
Археологиялык институтында болып, академик К.Байпақовпен кездесіп,
Торғайда табылған археологиялық кешендердің суреттерін
табыс еттім. Кеңселері өте жұпыны, көптен бері
ремонтталмаған. Торғайда бұндай барын болжамап-ек,
қаражат табылса барармыз, деп, визитка ұстатып, шығарып
салды...
«Торғай» -құс
атының мағынасының,- қазақ тілінде «ғай,
гей» мен аяқталатын сөздерге (сұрағай, алғай,
жүргей, барғай, тб) сәйкестендірсек,- түбірі «тору, торлау»
(осы құстың
өзгешілігі) екені туралы тұжырымға келеміз.
Т.Өткелбаев